ЕСТЕЛІК БОП ОРАЛАСЫҢ ЕЛІҢЕ
(Брайльша қаріппен терілген нұсқасы) (Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
Толқынды
теңіз шайқалып барып, кенет сабасына түскендей сұлқ басылды. Бойындағы бұла күш
арнасынан аса жаздап барып тиылды.Жазушы өміріде теңіз тектес творчестволық шабыттық шырқау шнгіне жете бергенде үзілді.
Егер көзі тірі болғанда респупликаға белгілі талантты жазушы Тобық
Жармағамбетов биылғы қоңыр күзде 60 жасқатолар еді.
Қыршын кетпегенмен қырық жасқа
да іліге алмай, келген сапарға аттанған жазушының артына асыл мұра ретінде қалдырған
бес-алты кітабын оқырмандар қауымы қызыға оқып, қым- қиғаш оқиғалардың куәсі
болғандығы анық. Шын мәнінде Тоқан Жарқамыстан ұшқан жас қанат еді, туған жердің
қасиетті қара топырағынан жаралған табиғи
талант еді. (Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
Жазушының 60 жылдығына орай ой толғантқан
туған қарындасы Әсем Жармағамбетова өзінің бұрын қызмет жасаған аудандық «Жем-
Сағыз» газетіне туған бауырының аз ғана ғұмырынан сыр шерткен естелік жолдаған
еді. Сол естелікті оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
«Төркін» дегеннен
жалғыз тірегім Тобық ағам тірі жүргенде биылғы қазан айында 60 жасқа толар еді. Арада апта
өтсе сағынып қалатын қимастық сезімнің солғын тартқанына да біраз жылдың жүзі
болды. Қайрат бауырым, қырықтың қырқасына іліге алмай, асқақ армандарын алға
тартқан күнінде дүниеден өтті. Иә, ағайдың өмірі күрмеуге келмейтін жіптей
қысқа болды. Енді ойлап қарасам, оның сол отыз тоғыз жасында арқалап жүгі аз
болмаған екен.
«Су түбінде жатқан тас, жел толқытса
шығады, ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады» деген ғой. Жарқ етіп, жоқ
болған асыл тұлғалы бауырымды көбірек жоқтапкетсем, оқырман қауым айып етпес.
Ет бауырым езіліп, еске түсірсем, оның нұрлы бейнесі күні кешегідей көз алдымда
елестейді де тұрады. «Қайғынды бөліссе, қайғын сейіледі» деген де рас екен. Тобық
ағамның жанына жақын тұтар жолдастарының, қаламдастарының ой- мұңымды бөлісіп,
басу айтқан хаттарының өзі көңіліме демеу бергендей болады да тұрады.
Тобақ ағам өмірдің талай өткелдерінен өтіп,
тағдырдың да тауқыметін көріп өсті. Аса зеректігінің пайдасы шығар, көңіліне
көптеген көркем ой ұялатып, оны тоғыз толғаудан елеп өткізіп, творчестволық
шығармаларға арқау етті. Көп жасамағанмен, көпті көріп өсті.Туған жердің
табиғатына тәнті болып, оның терең тарихына үңіле білді.
Оның артына қалдырған әдеби мұралары мол
деуге болады. «Екі жүрек», «Ақ жауын», «Сентябрь түні», «Бәйтеректің жас шағы»,
«Нәзік бұлттар », «Сонғы хат» атты кітаптары кезінде қолдан қолға тимей,
оқырмандар жүрнгінен жол тапты. Өзі о дүниелік болғаннан кейін «Ақ жауын» атты таңдамалы жинағы шықты. Қанша таралыммен шықса да, кітап дүкендерінде
оның шығармаларының тұрып қалғанын, тозып қалғанынкөре алмадым.
(Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
(Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
Бойына табиғаттың өзі дарытқан талантын ол
үлкен еңбекқорлықпен пайдаланды. Қолы қалт етсе жазу столына барып отыратын.
Шабыты келгенде уақытты ұмытып, түннің бір мезгіліне дейін жазып отыратын.
Әрине, оның бергенінен берері мол еді. Аллатағала оған көп жасауды маңдайына
жазбапты. (Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
Қазақстан Жазушылар одағы биыл Тобық
Жармағамбетовтың 60 жылдығына атап өту
рәсімін жасайды деген де хабар бар. Өзі
өлсе де артына өшпес мұра қалдырған Тобық ағамның рухын көтеріп, аруағын
сыйлағандарға алғысымыз шексіз.
(Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
(Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
Менің ағам Тобық
(Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
Алпысымша жылдардың басы мен ортасы қазақ әдебиетінің шарықтау
шағы болды десек, артық айтпаған болармыз. Осы жылдары ғой, бүгінде көркем
әдебиеттің шаңырағын тіктеп жүрген Дулат Исабеков, Қалихан Ысқақов, Әбіш
Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Сайын Мұратбеков, Баққожа Мұқаев және басқалардың шыққаны.
Тобық Жармағамбетов олардың сәл ертерек жұлдызы
жанғанмен, бәрібір ол осы шоғырға жатады. Оның алғашқыкөлемді еңбегі- «Нәзік
бұлттар» повесі алпысыншы жылдың ортасынан ауа жарық көрді.
Тоқаң өз ерекшелігі, өз стилі бар жазушы
еді. Сонысын әдебиет сүйер қауым, әсіресе сыншылар ерте байқады ғой деймін,
оның шығармалары туралы жапырласа пікір жазып, болашағынан үлкен үміт күткен-ді.
Тоқаңның, әсіресе әңгімелері классикалық тән болатын. Сонысымен бірге оқырман
күтпейтін шешімдерге алып баруымен ерекшеленетін. Бертін келе, әдебиетиісі
мұрнымызға барған кезде Тоқаңның осы «шешімдеріне» ой жүгіртіп қарасақ, ол
көбіне –көп Э Хемингуэйге еліктейді екен ғой.
Әдебиетте еліктеу бар да, бірақ біреуге
ұқсамаушылық тағы бар екендігі белгілі. Соңғысы, әрине жазушының болмыс-
бітімі, мінез -құлық, адами қасиеттермен байланысты екені белгілі. Тоқаңның«Нәзік
бұлттардан» басқа барлық шығармалары әуенінде нәзік қайғы, адам басына түскен
ауыртпалық сезіліп тұрады. Жалпы, ол қайғылылау жазушы болатын.
Былайғы жұрт Тоқаңды көңілді, ақжарқын,
қалжыңқойлау деп қабылдауы мүмкін. Әсілінде
ол олай емес-ті. Сыртынан байқалмағанмен, оның ішкі дүниесі үнемі
аласапыранда, соны сырт көзге байқатпай
жеңу үшін, бәлкім, оны жеңгісі де келмейтін шығар, өткені оныжеңсе әруағынан
айрылып қалатындай көретін де болар, әйтеуір мұңды күйде жүретінін талай
байқағаным бар-ды. Бұл мықты жазушыларға тән қасиет. (Брайльша қаріппен терілген нұсқасы)
Менің бұлай деп отырғаным, құдай жазып біз
екеумізбіраз жыл арлас құралас, сыралғы болдық Тұс демейді, кеш демейді үйіне
ертіп апарып, әппақ Сәпия жеңгеміздің қабағын бірер жылы сөзбен жадыратып
жіберіп, әңгіме дүкен құратынымыз әлі есімде. Мені інісіндей ардақтады, ақыл-
кеңесін айтып жүретін.
Комментариев нет:
Отправить комментарий