Іс-шаралар

Көңіл күмбезінде

«Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ


«Ақтөбе облыстық  зағиптар және нашар көретін

азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ




Көрнекті жазушы жерлесіміз Тобық Жармағамбетовтың 80 жылдығына орай өткізілетін

«Меншікті бұлты бар тұлға» атты әдеби кештің сценарийі



Ақтөбе қаласы – 2014 жыл.

Өтетін уақыты: 15 сәуір – сағ.11-00



Мақсаты: Жерлес, жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармашылығы мен өмірі жайлы оқырман қауымға кеңінен насихаттау.



Көрнекілігі: «Нәзік бұлттан тамған тамшылар» атты кітап көрмесі.

«Басыңды бір көтерші – қайран Тобық» атты слайд.



Жүргізуші:

         Саламатсыздар ма бүгінгі  әдеби кешіміздің қонақтары және жиналған барша қауым!

         Биыл туғанына 80 жыл толғалы отырған жерлесіміз, 39 жасында өмірден өткен аса талантты жазушы  Тобық Жармағамбетовтың  «Меншікті бұлты бар тұлға» атты әдеби кешіне қош келдіңіздер!   

Бүгінгі шарамызға арнайы шақырылған қонақтармен таныс болыңыздар:

-         жазушының қарындасы, жазушы мұраларының шырақшысы

     Әсем Жармағамбетова

-         жазушы - журналист, зейнеткер, жазушының «Қызыл ай» повесінің кейіпкері

     Төлеміс Меңдіғали

-         Кітапхананың тұрақты оқырмандары және мәдениет қызметкерлері

-         №15 мектептің оқушылары
-         Жазушының көзін көрген адамдар

      Жүргізуші:   СССР Жазушылар Одағының Мүшесі, талантты жазушы Тобық Жармағанбетов 1934 ж. Ақтөбе облысының байғанин ауданына қарасты Жарқамыс ауылында  туған. 1957 ж. С:М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. Қаламгерлік таланты ерте танылып, алғашқы әңгімелері сол жылдары-ақ жарық көре бастады. «Жұлдыз» журналында жарияланған «Отамалы, хаттар әңгімелері» оқырман қауымнан жоғары баға алды.                                                                                                                                 
 Туындың «Екі жүрек», «Нәзік бұлттар»,
 «Қызыл ай» , «Сентябрь түні», «Соңғы хатта»
 Кітаптың тартымдысын содан білің,
 Оқушың біліп алды сөзін жатқа – дей келе  кешімізді ашып беруге  арнаулы  кітапхана директорына  сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Көк жүзінде бұлттар көп. Қазекем оның табиғат болмысына қарай, лайықты есімдер қоя білген. Мысалы: ақша бұлт, қазбауыр бұлт, шарбы бұлт, тұтас бұлт, көшпелі бұлт т.б. Ал Тобық аға бұрын соңды тілімізде кездеспеген бұлтқа қатысты әдемі тіркесті таба білгені таң қалдырады. …Жазушының баспадан алғаш жарық көрген «Нәзік бұлттар» повесі расында да жүрек тербейтін нәзік лирикасымен сол тұстағы үлкенді-кішілі оқырманды дүр сілкінтіп еді. Мұқабасы көгілдір бояумен әрленген сол повесть қанша жыл өтсе де, көңілден кеткен емес. Бүгінгі сөзді сол өлеңмен қайырудың реті келіп тұр.

                                                                            
Бұлттар, бұлттар… көшеді, ағылады,
Ал мен ойға батамын мағыналы.
Ақтөбенің бұлттары, (білесіз бе?),
 Жарқамыстың бұлттарын сағынады.
 Ақтөбенің бұлттары болып алаң,
 Деп сұрайды: «Қайда сол Тобық ағаң?»
…Тобық ағам, әрине, Жарқамыста,
 Жарқамыстың бұлттары толық аман.


Келтірген жоқ әзірге кесел Адам —

Жарқамыстың бұлттары есен-аман.

Жарқамыстың бұлттары есен-аман,

Сыбдыр-сыбдыр сыр айтты кеше маған.

«Көк аспанға жүрсек те қонып тегі,

Несібеміз Жердегі толық,» — деді.

«Есіміміз біздердің — «Нәзік бұлттар»,         

Есім берген ағамыз — Тобық,» — деді.

Нәзік бұлттар сонан соң… үндемеді,

Бәрімізге белгілі бұл дерегі.

Жарқамыстың бұлттары — Нәзік бұлттар,

Бұлар — барлық бұлттардың жүлдегері.

Кей күндері жүрсе де түртіп ызғар,

Біз тіріміз: ой — биік, тұрқымыз — нар.

Тобық аға, Сіз, бірақ бақыттысыз,

Жарқамыста меншікті бұлтыңыз бар.

Қимас күндер шегінді, қалды алыста,

Тылсым әлем толып тұр таңданысқа.
…Тобық аға, Сіз, бірақ бақыттысыз,
Нәзік бұлттар өте көп Жарқамыста.                  Ертай Ашықбаев.                     


Жүргізуші: Жазушы Т.Жармағамбетов ақын да болатын. Өлеңдері де нәзік лирикаға бай жүрекке жылы тиетін.
Тұнып тұрған балқаймақтай түн еді,
Тек қысылып бұлақ жаймен күледі.
Аспандағы самсап тұрған жұлдызға
  Көршіміздің жас күшігі үреді… -      Иә, Міне, әдебиетке әр кездері келген  қаламдастары секілді Тобық Жармағамбетов те алғашқы қадамын өлеңнен бастағанын барлығымыз біле бермеуіміз  мүмкін. Қай қызметте жүрсе де, қолынан қаламы түспеген талантты тұлғаның «Жазушы» баспасынан                  «Нәзік бұлттар», «Екі жүрек», «Сентябрь түні» деген атаулармен повесть, әңгімелер жинақтары шығып жатты. Әдеби орта әдебиетке ерекше талант келді деп жар салды. «Отамалысын» Нобель сыйлығының лауреаты Э.Хемунгуейдің шығармаларына пара-пар әлем әдебиетінің алтын қорына қосылуға лайық дүние деп бағалап жатты. Ол алғашқы повестерімен-ақ ел-жұртқа жарқырап танылды. Кітаптары оқырмандар қолына тие бермейтін, іздеп оқитын асыл дүниеге айналды. Ал қолжазба күйінде қалған «Соңғы хатты» және «Ақ жауын» атты бір томдық таңдамалыны осы баспа оқырмандарға жазушы өмірден өткен соң ұсынды. Әсем апа  анадан бірге тумақ болғанмен, қол ұстасып бірге жүрмек, санаулы ғұмырды бірге кешпек  әрбір пенденің маңдайына жазыла бермейді екен. Тобық деген бес әріптен тұратын бір сөзді көрсем немесе естісем үлкен қуанышқа бөленіп, аяулы ағаның бет-бейнесі көз алдыма келе қалады, көптеген ізгі қасиеттері ойыма орала береді деп -өзіңіз айтқандай сөз кезегін өзіңізге бергім келіп отыр. Өмір бойы жинақтап келген Тобық аға туралы естеліктердің басын қосып «Тобық - тағдыр» деген кітабыңыз жарық көрді сол туралы кітапхана оқырмандарына, мектеп оқушыларына айтып өтсеңіз.




Жүргізуші:   Н.Қалауовтың «Тобық ескерткіші басындағы ой» атты өлеңін №15 мектептің оқушысы                                                                                      

Жүргізуші: 

Өмірді теңемеймін мен кемеге, 

Із тастамай бос кету керек неге? 

Топырақты үй дағы төбе жаса, 

Тау тұрғызу қолыңнан келмесе де.- деп жазушы ағамыз өз қолымен жұмыс кітапшасына кішкене үзік жыр жазып қалдырған.                                                    Адамның бастан кешкен ғұмыры жылжып өткен жылдармен емес, оның болашақ ұрпаққа қалдырған ізі, мұрасымен өлшенеді – дейді. Негізгі тақырыптарының ішінде ерекше орын алатындары – адамгершілік, достық, жарқын да, нәзік махаббат. «Екі жүрек», «Қызыл - ай», «Кішкентай махаббат», «Екі дос» т.б. туындылары жалпы адами, құнды еңбектер болатын. Біздің біліуімізше, Төлеміс аға  сіз «Қызыл -ай» повесінің кейіпкерісіз. Бұл  шығарманың жазылу тарихы, жазушы жайлы әңгімелеп берсеңіз.

Жүргізуші:                                                                                                                Тобық ағаға арнаған  өлеңдерді оқуға ортаға №15 мектептің оқушыларын шақырамыз. М. Құрманалин «Тобыққа», Е.Дүйсенбаев «Ақ жаңбыр» , «Толқыннан бүгін тобықты көрдім…»
  
Жүргізуші:  

Халқымызға танымал , қарымды-қаламгер  жазушы Тобық Жармағанбетовке арналған, ақын Ертай Ашықбаевтың сөзінен жазылған   « Тобық  аға», «Нәзік бұлттар» және Тобықтың  сөзінен жазылған «Жарқамыс деген бір жер бар» әндері сазгер Орал Бәйсеңгір орындап жүр. 39 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес мұра қалдырған Тобық ағаның шығармалары ұрпақтан – ұрпаққа тарап, жалғасын таба береді. Қадірлі кеш қонақтары. Аса талантты жазушы, жерлесіміз қамшының сабындай қысқа өмірінде бір қатар шығармаларын жазып қалдырды. Қазақ әдебиетінің көгінде тамшылары Адам бетіне жылы тиіп, жан-дүниеңді жадырататын нәзік бұлттарын ала келді. Апталап соғатын «Ақ жауыны», Жүзінен қан тамғандай, адам көңілін алай-дүлей сезімге түсіретін «Қызыл айы», оқырмандарының ойын сан саққа жүгіртетін егілу мен еміренуден тұратын «Екі жүрегі», сыршылдығымен сағынтатын «Сентябрь түні» көңілге шуақ сыйлайтын «Кішкентай     махаббаты» мұның бәрі де Тобықтай талантты тұлғаның қаламының қарымын қалың оқырманға паш ететін, ғажайып туындылар. Біз және Тобық ағаның табынушылары бұл дүниелердің туған халқымен бірге жасай беретініне толық сенеміз.           

Кетсең де қалды шуағың, 

Шығармаларың – бұлағың. 

Өшпейсің әр кез естесің, 

Сөздерің  тасқын , тың ағын . – деген өлең сөздерімен шарамызды аяқтай келе қортындылау сөз кезегін арнаулы кітапхананың  директорына беріледі.























 

Комментариев нет:

Отправить комментарий